Описание картинки
Лого 4youglobal
particle

ҚЫТАЙДА КӨРМЕЛЕРГЕ ҚАТЫСУ:

ӘДЕТТЕГІ ҚАТЕЛЕР

Қытайдағы ірі халықаралық көрмелер ұзақ уақыт бойы барлық елдердің сауда өкілдерін тартады. Оларда танымал бизнесмендер мен өз ісін ашуды қалайтын, жаңа бастаған кәсіпкерлер жиналады. ҚХР-ға алғаш рет келгендер әдеттегі қателерді жасайды және үлкен мүмкіндіктерді жіберіп алады.

  • НАҚТЫ МАҚСАТСЫЗ САПАР

    ҚХР-на танысу мақсатымен сапар адамға жуығымен 2500 долларға шығады. Бұл сома қосымша қандай да бір пайда әкелсе, жақсы болады. Жеткізушіні алдын ала таңдап, көрмеде онымен кездескен кезде, кәсіпкер өзінің бизнесіне серпін береді. Кейде бірінші сапардан адамдар тауарлардың үлгілерін алып, тіпті келісім-шарт жасасады.

    1
  • АСЫҒЫСТА ЖИНАЛУ

    Егер алдын-ала билеттерге тапсырыс берсеңіз, аудармашыны жалдап және қонақүйде орынды соңғы минуттарда емес броньдасаңыз, сіз сапарда көп ақша үнемдей аласыз. Өйткені шұғыл болып келетін бәрі - әдетте қымбат.

    2
  • КОМПАНИЯНЫҢ ДАЙЫН ЕМЕС ПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ

    Сіз әлеуетті серіктестермен сөйлесуді жоспарласаңыз, өзіңіз туралы және сіздің компанияңыз туралы, кем дегенде ауызша презентация дайындаңыз. Өзіңіз туралы айту оңай көрінеді. Шын мәнінде, ең қарапайымды еске түсіре алмайсыз.

    3
  • ВИЗИТКАЛАРДЫҢ ЖОҚТЫҒЫ

    Көрмелерде байланыс әрқашан визиткалармен алмасу арқылы аяқталады (кейде басталады). Қытайлықтар жоғары лауазымдарға құрметпен қарайды, сондықтан визиткаларға тапсырыс беру кезінде қарапайым болмаңыз.

    4
  • КАТАЛОГТАРДЫ ЖИНАУ

    Көрмелерде үнемі түрлі буклеттер мен каталогтар бар. Егер сіз олардың барлығын жинаған болсаңыз, дөңгелекті чемодан сатып алуға немесе жүк тасушыны жалдауға тура келеді, әйтпесе, жүру қиын болады. Жарнамалық өнімдерді жеткізу де біраз сомаға түседі. Фотосуреттер мен бейнелер жасай отырып, ең маңыздыды таңдап, қағазға жазу немесе телефонмен түсіру оңайырақ. Барлық қосымша ақпаратты кейінірек электрондық пошта арқылы сұрауға болады.

    5
  • ЖҰПЫНЫ СЫРТҚЫ КЕЛБЕТ

    Адам туралы жеке әсер әрдайым бірінші рет қалыптасады. Және маңызды жағдай – сыртқы келбет. Қытайлықтар бұл мәселеге үлкен мән береді. Таза киім, сөйлудегі қарапайымдылық және бірінші таныстықта өздерін таныстыру шеберлігі, серіктестік қарым-қатынастардың негізін қалайтын алғашқы кірпіш бола алады.

    6
  • АУДАРМАШЫНЫҢ ЖОҚТЫҒЫ

    Аудармашыда үнемдеу - әлеуетті қытайлық әріптесімен келісім кезінде зәрлі әзілге әкелетін нәрсе. Тіл және әр түрлі егжей-тегжейлерді білмеу жиі қажетсіз алаяқтармен танысуларға немесе құжаттағы шатасуларға алып келеді.

    7
  • ТАУАРДЫҢ БАҒАСЫ ЖӨНІНДЕ СҰРАҚТАН ӘҢГІМЕНІ БАСТАУ

    Әрине, құны қанағаттандырмаса, әңгіме артық болады. Бірақ оны баға мәселесі жөнінде бастаудан қажеті жоқ, қытайлықтарда осылай қалыптаспаған. Біріншіден, өнімнің өзін, оның сипаттамаларын және сатып алулардың қажетті көлемін талқылап, тікелей сатып алу бағасына бару керек. Егер уақыт тығыз болса, онда дәделді себеп көрсетіп, кешірім сұрап сатып алудың жоспарлап отырған көлемін атап, содан кейін баға туралы сұрау керек.

    8
  • АЛКОГОЛЬДЫ ҚАБЫЛДАЙ АЛМАУ

    Келісімшартқа қол қою кезінде алкоголь ішуге тура келеді, өйткені барлық іскери мәселелер қытайлық серіктестермен дәстүрлі түрде үстелде шешіледі. Норманы біліп, лайықты әрекет ету - мәміленің сәтті болуы.

    9
  • ҚЫТАЙДА БОЛУ УАҚЫТЫН ДҰРЫС ЕСЕПТЕМЕУ

    Жоспарланған екі күн келісім-шартқа жеткіліксіз болуы мүмкін, сондықтан әрдайым қосымша күн қалдыру керке. Егер іс жақсы жүрсе, қалған уақытты жергілікті көрікті жерлер мен демалысқа жұмсауға болады.

    10
БАРЛЫҒЫ ТІПТІ ҚЫТАЙҒА БІРІНШІ САПАР КЕЗІНДЕ ІСКЕ АСУ ҮШІН, 4YOU GLOBAL КОМПАНИЯСЫНА ЖҮГІНІҢІЗ. ОНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БАРЛЫҚ НЮАНСТАРМЕН ТАНЫС ЖӘНЕ ЖАҢА БАСТАҒАН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ СЕНІМДІ СҮЙЕМЕЛДЕУДІ ТАҢДАП БЕРЕДІ. ҚОҢЫРАУ ШАЛЫҢЫЗ!
Связаться
Прайс-лист

БІЗДІҢ СҰРАҚТАРҒА БОЛАДЫ

SEND түймесін басу арқылы жеке деректерді өңдеуге келісім беремін

Сіздің сұранысыңыз жіберілді.
Біз сізге жақын арада хабарласамыз